Құрметті инвесторлар!

15.06.2026
Құрметті инвесторлар!

ҚР «Атамекен» ҰКП инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жұмыстары шеңберінде сауалнама жүргізуде.

Сауалнаманың мақсаты — инвесторлардың салалық мемлекеттік органдардың жұмысына, мемлекеттік қызметтердің уақтылы әрі сапалы көрсетілуіне қанағаттану деңгейін бағалау, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыру барысында туындайтын әкімшілік және өзге де кедергілерді анықтау.

Алынған нәтижелер талданып, инвестициялық қызметті жүзеге асыру жағдайларын және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу тетіктерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу кезінде пайдаланылатын болады.

Қолданыстағы проблемаларды объективті бағалау және оларды шешу бойынша нақты шаралар әзірлеу үшін әрбір қатысушының пікірі маңызды.

Барлық жауаптар тек жинақталған түрде өңделіп, ұсынылады. Берілген ақпараттың анонимділігі мен құпиялылығына кепілдік беріледі.

Сауалнамаға қатысқаныңыз үшін алғыс білдіреміз!

Сауалнамаға сілтеме: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfayulIipmKJI3O8nlY5PCVCdHBgasVeZQHYESZT3APHVwj5g/viewform