75 мың турист және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер: Balkhash Tour Fest-2026 қалай өтті

23.06.2026
75 мың турист және бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер: Balkhash Tour Fest-2026 қалай өтті

Балқаш қаласында екі күнге созылған Balkhash Tour Fest-2026 фестивалі аяқталды. Биылғы шара рекордтық көрсеткішке жетіп, оған 75 мыңға жуық қонақ қатысты. Көл жағалауында өткен ауқымды фестиваль ішкі туризмді дамытуға серпін беріп, Прибалқашье өңіріне деген қызығушылықтың артып келе жатқанын көрсетті.

Биыл фестиваль алғаш рет республикалық туристік және мәдени іс-шаралар күнтізбесіне енгізілді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жыл сайын қатысушылар саны артып келеді. Егер алғашқы жылдары фестивальге шамамен 15 мың адам келсе, бүгінде бұл көрсеткіш бес есеге өсті.

Қарағанды облысының туризм басқармасының басшысы Ирина Любарскаяның айтуынша, бірнеше жыл бұрын фестиваль өтетін аумақ бос жатқан жағалау болған.

Изображение

– Біз бұл жобаны бастағанда мұнда бос алаң ғана болатын. Бүгінде туристердің қызығушылығы мен мемлекеттік қолдаудың арқасында жағалауда туристік инфрақұрылым дамып, жаңа демалыс орындары ашылып жатыр. Бизнес те белсенді түрде инвестиция салуда, – деді ол.

Фестиваль аясында төрт үлкен шатыр, 40 фудкорт орны, сауда аймақтары, аттракциондар мен қолөнершілер жәрмеңкесі жұмыс істеді. Кәсіпкерлер жергілікті өндіріс өнімдерін, қолөнер бұйымдарын және гастрономиялық жобаларын ұсынды.

Фестивальде өңірлік брендтерді насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. Шараға «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауының жеңімпазы жеке кәсіпкер Зауре Абдыкаримова қатысып, жергілікті сусының  таныстырды таныстырды.

Сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Бір ауыл – бір өнім» жобасының қатысушылары өз өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Қонақтар жергілікті шеберлердің қолөнер бұйымдарымен танысып, өңір кәсіпкерлерінің әлеуетін көре алды.

Изображение

Фестивальдің маңызды алаңдарының бірі Visit Karaganda павильоны болды. Мұнда өңірдің туристік бағыттары, демалыс орындары мен инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды. Павильон жұмысына Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасы Туризм кеңесінің мүшелері белсенді қатысып, келушілерге өңірдің туристік әлеуеті туралы ақпарат берді.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісовтің айтуынша, оқиғалық туризм кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралдарының біріне айналып келеді.

– Мұндай іс-шаралар шағын және орта бизнестің дамуына серпін береді. Туристер ағыны көбейіп, қонақүй, қоғамдық тамақтану, сауда және қызмет көрсету салаларының жұмысы жанданады. Сонымен қатар жергілікті кәсіпкерлер өз өнімдерін кең аудиторияға таныстыруға мүмкіндік алады, – деді Ернар Дауылұлы.

Изображение

Фестивальдің ең әсерлі сәттерінің бірі Балқаш тарихындағы алғашқы дрон-шоу болды. Көл үстінде бір мезетте 500 дрон көтеріліп, Қазақстан мен Балқашқа арналған жарық композицияларын көрсетті.

Сонымен қатар жергілікті аспаздар салмағы 86,4 келі болатын қазыбургер дайындап, Қазақстан рекордтар кітабына енді.

Спорттық бағдарлама да көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Cuprum Swim жарысына 300-ге жуық спортшы қатысып, 300 метр және 2 шақырым қашықтықта бақ сынады. Сондай-ақ халықаралық би турнирі ұйымдастырылып, танымал күш иесі Сергей Цырульниковтың көрсетілімдері өтті.

Изображение

Фестиваль аяқталғанымен, жағалаудағы алаң жаз бойы жұмысын жалғастырады. Мұнда концерттер, көрмелер, спорттық және отбасылық іс-шаралар өткізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде туристер ағынын сақтап, туризм, сауда және қызмет көрсету салаларындағы кәсіпкерлердің жұмысын қолдауға мүмкіндік береді.