Атырауда өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит сапасын арттыру мәселелері талқыланды

01.04.2026
Атырауда өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит сапасын арттыру мәселелері талқыланды

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастамасымен Атырау облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында сараптамалық ұйымдардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға өңірде өрт қауіпсіздігі саласында аудит жүргізетін ұйымдардың басшылары қатысты.

Кездесудің негізгі тақырыбы өрт қауіпсіздігі саласындағы аудитті жүргізу тәртібін және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын түсіндіру болды.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өрт қауіпсіздігіне қатысты тексерулер жүргізудің өзекті мәселелерін талқылап, пікір алмасты және тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ аудит сапасын арттыру, объектілердің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін бағалау тетіктерін жетілдіру және аудит жүргізу кезінде бірыңғай тәсілдерді қалыптастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер мемлекеттік органдар мен сарапшылық қоғамдастық арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, сондай-ақ өңірдегі өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстың тиімділігін арттыруға ықпал ететінін атап өтті.