Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы салалық кеңес мүшелері Алматы әкімі грамоталарымен марапатталды
Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы жанындағы Білім беру және денсаулық сақтау саласындағы салалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиынның басты оқиғасы Медицина қызметкері күніне орай медицина саласының өкілдерін Алматы қаласы әкімінің грамоталарымен марапаттау болды.
Марапаттау Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының бастамасымен және Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды. Құрмет грамоталарын Алматы қаласы «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Шыңғысхан Маманов табыстады. Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі, жоғары кәсібилігі және көпжылдық адал еңбегі үшін салалық кеңестің белсенді мүшелері марапатталды.

Салтанатты рәсімнен кейін қатысушылар күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға кірісті. Отырыста медицина және фармацевтика қызметкерлеріне қойылатын біліктілік талаптарындағы өзгерістер, медициналық ақпараттық жүйелерді (МАЖ) енгізу мәселелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына енгізілген өзекті өзгерістер қаралды.
Салалық кеңес бизнес қауымдастығы, сарапшылар және мемлекеттік органдар арасындағы тиімді өзара іс-қимыл алаңы ретінде өз жұмысын жалғастыруда. Кеңес аясында саладағы өзекті мәселелер талқыланып, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірленіп, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға арналған нақты шешімдер қабылдануда.

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы барлық марапат иелерін лайықты марапаттарымен құттықтап, салалық кеңес мүшелеріне кәсібилігі, белсенді азаматтық ұстанымы және жемісті ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді. Алматы қаласы әкімдігі тарапынан берілген жоғары баға кеңес мүшелерінің денсаулық сақтау саласын дамытудағы маңызды үлесін тағы бір мәрте айқындайды.