Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

29.06.2026
 Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасы БАҚ өкілдерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасында Қазақстан Республикасының Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне арналған салтанатты рәсім өтті. Шара аясында кәсіпкерлікті дамыту мәселелерін кәсіби әрі объективті жариялап, бизнес пен мемлекет арасындағы диалогтың дамуына қосқан үлесі үшін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Алғыс хаттар табысталды.

Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Әлин медиа қауымдастық өкілдерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, өзара тиімді ынтымақтастық үшін алғыс білдірді.

Изображение

«Бүгінде бұқаралық ақпарат құралдары ашық қоғамдық диалогты қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сіздердің кәсібиліктеріңіз бен өз ісіне деген жауапкершіліктеріңіздің арқасында кәсіпкерлікті дамыту мәселелері кеңінен жарияланып, бизнестің өзекті жағдайлары қоғам назарында болады. Объективті ұстанымдарыңыз, кәсіби қағидаттарыңыз және мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін алғысымды білдіремін», – деді ол.

Алғыс хат табысталғандардың қатарында Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының қызметін, бизнестің құқықтарын қорғау мәселелерін, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын және кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бастамаларды тұрақты түрде жариялап жүрген республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері бар.

Марапаттау рәсімі соңында Палата басшылығы бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жоғары кәсібилігі, өз ісіне деген жауапкершілігі және нәтижелі ынтымақтастығы үшін ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, шығармашылық шабыт, жаңа жобаларды табысты жүзеге асыруға және кәсіби қызметтеріне толағай табыс тіледі.