Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Қызмет көрсету салалық кеңесі төрағасы мен төраға орынбасарының жұмыс кездесуі өтті

24.06.2026
Ұлытау облысы Кәсіпкерлер палатасының Қызмет көрсету салалық кеңесі төрағасы мен төраға орынбасарының жұмыс кездесуі өтті

 

Кездесу барысында 2026 жылдың I тоқсанындағы атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылып, Салалық кеңестің басым бағыттары, алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары және кәсіпкерлік қоғамдастықпен өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселелердің бірі – балаларға арналған жеке дамыту орталықтарының, логопедиялық және түзету-дамыту орталықтарының қызметі болды. Қатысушылар аталған ұйымдардың қызметіне қатысты өзекті мәселелерді, көрсетілетін қызметтердің сапасын, сондай-ақ бақылау және мониторинг тетіктерін жетілдіру қажеттілігін қарастырды.

Талқылау қорытындысы бойынша аталған мәселелерді бірлескен шешімдер қабылдау және осы саладағы жұмысты жетілдіру мақсатында облыс әкімінің орынбасарының қарауына шығару туралы шешім қабылданды.

Мемлекеттік органдардың, сарапшылар қауымдастығы мен кәсіпкерлердің бірлескен жұмысы балаларға арналған қосымша дамыту қызметтерінің сапасын арттыруға және өңірдегі осы саланың тұрақты дамуына ықпал етеді.

 

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображение