Журналистерді «Атамекен» Павлодар Палатасында кәсіби мерекелерімен құттықтады

26.06.2026
Журналистерді «Атамекен» Павлодар Палатасында кәсіби мерекелерімен құттықтады

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында БАҚ қызметкерлері күніне орай журналистермен және бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларымен бейресми кездесу өтті.

 

Изображение

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Айдос Шайхислам журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, мықты денсаулық, бақ-береке, ризашыл аудитория және табысты еңбек тіледі.

"Біз "Атамекен" өңірлік палатасы мен журналистер арасында қалыптасқан ынтымақтастықты терең бағалаймыз. БАҚ-тың қоғамдық кеңістіктегі рөлі аса маңызды. Сіздер тек ақпарат беріп қана қоймай, қоғамдық пікір қалыптастырасыздар, сондай-ақ өзіңіздің беделіңізбен бүгінгі қарқынды ақпарат ағынында адамдарға бағдар табуға көмектесесіздер. Дәстүрлі баспа БАҚ, теледидар, радио, жаңалықтар лентасын төртінші билік құралы деп атауға болады", - деді ол.

 

Изображение

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы үшін БАҚ-тың өңірдің жетістіктері мен проблемаларына назар аударуы, бизнестің қалай өмір сүріп жатқанына, экономиканың қалай дамып жатқанына назар аударуы және "Атамекен" өңірлік палатасының қызметі жайлы хабардар етуге ат салысуы маңызды", - деп қосты Айдос Шайхислам. Мерекеге орай журналистерге, өңірлік БАҚ басшыларына алғыс хаттар, естелік сыйлықтар мен гүлдер табыстады.

 

Изображение