Алматы облысында «Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір» өңірлік форумы өтті

24.06.2026
Алматы облысында «Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір» өңірлік форумы өтті



2026 жылғы 24 маусымда Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылындағы Н. Тілендиев атындағы аудандық мәдениет үйінде «Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір» атты ірі өңірлік әйелдер форумы өтті.

Іс-шараны Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен Алматы облысының Іскер әйелдер кеңесі бірлесе Алматы облысының әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырды.

Форумның басты мақсаты — әйелдер кәсіпкерлігін қолдау, олардың қоғамдағы және экономикадағы рөлін арттыру, тәжірибе алмасу мен жаңа іскерлік байланыстар орнату.
Шара барысында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Қанат Есболатов құттықтау сөз сөйлеп, өңір экономикасын дамытудағы іскер әйелдердің үлесін атап өтті.
Форумда «Атамекен» ҰКП Іскер әйелдер кеңесінің және Түркі мемлекеттерінің кәсіпкер әйелдер кеңесінің төрайымы Лаззат Рамазанова, Қазақстан Азаматтық Альянсының Президенті Бану Нұрғазиева, Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Азамат Алиев сөз сөйледі.

Панельдік сессияларда Алматы облысы Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляззат Ботабекова, Президент жанындағы Ұлттық комиссия мүшесі Елена Ли, «Қонаев медиа» телеарнасы директорының орынбасары Жанна Арынбекова, QazComPass жобалық кеңсесінің жетекшісі Оксана Васильева, Жамбыл аудандық Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Меруерт Молдашева, сондай-ақ кәсіпкер әйелдер Айман Қайратқызы, Мәліна Қасымбекова және Индира Әділ өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сонымен қатар, «Астана Хаб» дербес кластерлік қорының Қонаев қаласындағы филиал директоры Жазира Жұмахан және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Алматы облысы бойынша филиал директоры Бақытжан Исаков әйелдер бизнесі үшін цифрлық мүмкіндіктер мен қолдау шаралары туралы баяндады.

Форум аясында «Әйел. Шабыт. Кәсіп» көрмесі, ұлттық киімдер дефилесі, марапаттау рәсімі және демеушілер атынан арнайы сыйлықтар ойнатылды.

«Әйел & Бизнес: Жаңа дәуір» форумы өңірдегі іскер әйелдердің әлеуетін арттырып, жаңа бастамаларға серпін берген маңызды диалог алаңына айналды.

Изображение