Қызылордада өткен «Қазақстанның үздік тауары - 2026» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды

26.06.2026
Қызылордада өткен «Қазақстанның үздік тауары - 2026» өңірлік көрме-байқауының жеңімпаздары анықталды

Бүгін «Сыр болашағы» құзыреттілік  орталығында жергілікті тауарөндірушілердің қатысуымен «Қазақстанның үздік тауары - 2026» өңірлік көрме-байқауы өтті.

 Салтанатты шараны облыс әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, кәсіпкерліктің өңір экономикасын дамытудағы рөліне ерекше тоқталды.

 Аймағымыздың атынан республикалық байқауға қатысатын кәсіпкерлерді анықтау үшін өткізіліп отырған көрмеге үш номинация бойынша 60-тан аса кәсіпкер қатысты.

 Көрме аясында өткен Комиссия отырысының шешімімен 9 жеңімпаз анықталып, үш номинация бойынша облыс әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 Жеңімпаздар:

«Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар» номинациясымен:

1)     «Агрохимсервис» ЖШС - тыңайтқыштар өндірісі;

2)    «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС - цемент өндірісі;

3)    «Достық» жеке кәсіпкерлігі - стеклопакет өндірісі.

 

«Халыққа арналған үздіктауарлар» номинациясымен:

1)     «Нысанбаев Жансерік» жеке кәсіпкерлігі - қайық және шыны талшықты шатыр жабындарының өндірісі;

2)    «Сыржиһазы KZ» ЖШС - жиһаз өндірісі;

3)    «Найля» жеке кәсіпкерлігі - түйе сүті өнімдерінің өндірісі.

 

 «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациясымен:

1)    «Алтын Орда» ЖШС - ас тұзы өндірісі;

2)    «Қызылорда нан» ЖШС - нан өнімдерінің өндірісі;

3)    «РЗА Сүт»ЖШС - сүт өнімдерінің өндірісі.

 

Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!