«Атамекен» ҰКП кәсіпкерлерді өңірлердегі бизнес жүргізу жағдайына баға беруге шақырады
2026 жылдың 1 шілдесінен бастап «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингі шеңберінде кәсіпкерлер арасында жыл сайынғы сауалнама жүргізуді бастайды.
Қазақстанның барлық өңірлеріндегі кәсіпкерлер бизнес жүргізу жағдайына, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігіне, әкімшілік жүктемеге, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл сапасына, инфрақұрылымның жай-күйіне және кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін өзге де факторларға қатысты өз пікірлерін білдіре алады.
Зерттеуге шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері (оның ішінде жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтары), сондай-ақ ірі кәсіпкерлік субъектілері қатыса алады.
«Іскерлік ахуал» тәуелсіз рейтингі кәсіпкерлік ортаны бизнес өкілдерінің көзқарасы тұрғысынан объективті бағалауға мүмкіндік береді. Зерттеу нәтижелері негізінде Ұлттық палата кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, оларды мүдделі мемлекеттік органдардың қарауына жолдайды.
Неліктен сауалнамаға қатысу маңызды?
Әрбір толтырылған сауалнама кәсіпкерлердің нақты өңірлер мен салаларда кездесетін өзекті мәселелерін айқындауға мүмкіндік береді. Зерттеуге қатысушылар саны неғұрлым көп болған сайын, іскерлік ахуалға берілетін баға соғұрлым объективті болады және бизнес жүргізу жағдайларын жақсарту жөніндегі ұсыныстардың тиімділігі артады.
Сауалнама барысында ұсынылған ақпарат тек жинақталған түрде пайдаланылады. Қатысушылардың дербес деректерінің құпиялылығына кепілдік беріледі.
Сауалнама 2026 жылғы 1 шілде мен 17 тамыз аралығында өткізіледі.
Сауалнамаға мына сілтеме арқылы қатысуға болады: https://forms.gle/xABxX1TZf7fGkKR47