Қостанай облысына Ұлыбритания Елшілігінің өкілі келді

01.07.2026
Қостанай облысына Ұлыбритания Елшілігінің өкілі келді

Қостанай облысы халықаралық серіктестермен сауда-экономикалық байланыстарын нығайтып келеді. Өңірге Ұлыбританияның Астанадағы Елшілігінің экономика және климаттың өзгеруі мәселелері жөніндегі бөлімінің басшысы Кэти Коттрелл жұмыс сапарымен келді. Сапардың мақсаты – өңірдің индустриялық әлеуетімен танысу, «жасыл» даму күн тәртібін талқылау және британдық бизнес пен Қостанай облысының кәсіпорындары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін айқындау.

Сапар бағдарламасы аясында өзара іс-қимыл перспективаларын бағалау мақсатында Қостанай қаласындағы бірқатар ірі өнеркәсіптік және өңдеу кәсіпорындарына бару жоспарланды.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Дәулетбаевтың айтуынша, ашық диалог форматында ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың келешегі жан-жақты талқыланды.

Қостанай облысы дәстүрлі аграрлық секторда ғана емес, сондай-ақ машина жасау, тау-кен өнеркәсібі және энергетика салаларында да зор әлеуетке ие. Біз жергілікті бизнестің жаңғыртуға деген дайындығын көріп отырмыз және болашағы зор мамандарды оқытуға, озық тәжірибені енгізуге, заманауи технологияларды дамытуға әрі тікелей инвестициялар тартуға қолдау көрсетуге қуаныштымыз, – деді кездесу барысында Кэти Коттрелл

Кездесуге қатысушылар алғашқы практикалық қадам ретінде Ұлыбритания тарапының қазақстандық компанияларға ұсыну үшін британдық кәсіпорындар мен білім беру орталықтарының мүмкіндіктері туралы презентациялар әзірлейтінін атап өтті. Бүгінде Қостанай облысы халықаралық экономикалық әріптестік картасында барған сайын маңызды орынға ие болып, шетелдік инвесторларға ашық әрі түсінікті шарттар мен инвестиция салуға қолайлы перспективалы алаңдарды ұсынуға дайын өңір ретінде танылып келеді.