Ақпарат саласының майталмандарына құрмет көрсетілді

29.06.2026
Ақпарат саласының майталмандарына құрмет көрсетілді

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында өңірдің ақпарат саласының дамуына үлес қосып жүрген бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне құрмет көрсетілді.

Салтанатты жиында облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері, бас редакторлар, телеарна қызметкерлері, операторлар, фотографтар, видеографтар, баспасөз хатшылары мен медиа саласының өзге де мамандары кәсіби мерекеге орай марапатталды.

Изображение

Іс-шара барысында Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Сейлбеұлы журналистер қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы айрықша рөліне тоқталды.

Кездесу барысында БАҚ өкілдерінің өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға, бизнестің жетістіктерін кеңінен дәріптеуге және кәсіпкерлердің өзекті мәселелерін қоғам назарына ұсынуға қосқан еңбегі жоғары бағаланды.

Изображение

Шара соңында ақпарат саласының дамуына сүбелі үлес қосып жүрген бірқатар БАҚ өкілдері кәсіби мерекеге орай Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының марапаттарына ие болып, оларға арнайы сый-сияпаттар табысталды.