СҚО Кәсіпкерлер палатасы прокуратурамен ынтымақтастықты нығайтуда
Облыстық прокуратурада өңірлік кәсіпкерлер палатасының басшысы Есжан Оразалин мен Солтүстік Қазақстан облысының жаңа прокуроры Ержан Дүйсекеновтің жұмыс кездесуі өтті.
Тараптар кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтық қорғалуын күшейтуге, әкімшілік кедергілерді жоюға және бизнестің түйткілді мәселелеріне жедел әрекет етуге бағытталған бірлескен жұмыстың негізгі бағыттарын талқылады.
«Біз үшін прокуратура органдарымен жұмыстағы сабақтастықты сақтау өте маңызды. Бизнес құқықтарын қорғауды күшейту - бұл жай ғана міндет емес, бұл біздің өңір экономикасын дамытудың негізі. Прокуратураның жаңа басшылығымен сындарлы серіктестік бұл жұмысты сапалы жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының басшысы Есжан Оразалин.
Кездесуде алдағы уақытқа арналған негізгі басымдықтар талқыланды. Олар: құқықтық қорғауды күшейту, әкімшілік кедергілерді жою бойынша жұмысты жалғастыру және облыс кәсіпкерлері мен инвесторлары кезігетін түйткілді мәселелерді жедел шешу.
«Біз әкімшілік кедергілерді жою және кәсіпкерлеріміз тап болатын нақты мәселелерді жедел шешу бағытындағы белсенді жұмысты жалғастырамыз деп үміттенеміз», - деп жалғастырды Жеңіс Қазиев.
СҚО прокуроры Ержан Дүйсекенов атап өткендей, бірлескен күш-жігер тексерістердің ашықтығын қамтамасыз етуге және бизнесті кәсіпкерлік қызметке негізсіз араласудан қорғауға бағытталады. Сондай-ақ әрбір кәсіпкер білікті құқықтық қолдау ала алуы үшін кәсіпкерлерді бірлесіп қабылдау және бизнес-қоғамдастықпен кездесулер өткізу тәжірибесіне ерекше назар аударылып, бұл бағыт басымдық ретінде қала бермек.