Павлодарлық «Атамекен» палатасы Омбының іскерлік және ресми өкілдеріне бизнеске қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

03.07.2026
Павлодарлық «Атамекен» палатасы Омбының іскерлік және ресми өкілдеріне бизнеске қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы Омбы облысының ресми және іскерлік топтарының Павлодар облысына жасаған сауда-экономикалық миссиясы аясындағы ресми және іскерлік кездесулердің ұйымдастырушыларының бірі болды.

 

Изображение

Омбы қаласының кәсіпкерлері өңірге жасаған екі күндік ресми сапары барысында «Ертіс» қонақүй кешенінде Павлодар кәсіпкерлерімен В2В форматындағы кездесулер өткізді. Кейін олар Павлодар қаласы мен Ақсу қаласындағы бірқатар өнеркәсіп кәсіпорындарын аралады.

 

Изображение

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының міндетін атқарушы Айдос Шайхислам Омбының бизнес және мемлекеттік орган өкілдері алдында сөз сөйлеп, бұл кездесу кәсіпкерлер арасында тікелей диалог орнатуға, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын талқылауға, тәжірибе алмасуға және жаңа іскерлік байланыстар орнатуға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

 

Изображение

«Өңірлеріміздің кәсіпорындары арасындағы кооперациялық байланыстардың дамуы тауар айналымының артуына, бірлескен жобалардың жүзеге асуына және Қазақстан мен Ресей арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюына ықпал етеді деп сенемін. Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы әрдайым сындарлы ынтымақтастыққа ашық және бизнес бастамаларына қажетті қолдау көрсетуге дайын», – деді Айдос Шайхислам кездесулердің бірінде.

 

Изображение

Іскерлік алаңның жұмысы барысында Омбы және Павлодар компаниялары 50-ден астам жеке кездесу өткізді. Қазақстандық тарап Омбы өңірінде гастрономиялық және оқиғалық туризмді дамыту бастамасына ерекше қызығушылық танытты. Өз кезегінде Омбы қаласында Павлодар облысының туристік әлеуетінің тұсаукесерін ұйымдастыру жоспарланып отыр.

 

Изображение