Петропавлда Солтүстік Қазақстанның үздік тауары таңдалады
Қала күнін мерекелеу аясында, 12 шілдеде таңғы сағат 10:00-ден бастап, облыс орталығының Орталық алаңында беделді республикалық «Қазақстанның үздік тауары-2026» байқау-көрмесінің өңірлік кезеңі өтеді. Іс-шара жергілікті өндірістің әлеуетін көрсетуге дайын Солтүстік Қазақстан облысының жетекші өндірушілерін бір алаңға жинайды.
«Қазақстанның үздік тауары» (ҚҮТ) – үш негізгі номинация бойынша отандық жетекші өндірушілерді анықтайтын ресми жыл сайынғы байқау-көрме: «Үздік азық-түлік тауарлары», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар».
Биылғы жылы өңірлік кезеңге 30-дан астам солтүстікқазақстандық кәсіпорын қатысады. Олар жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ өндірістік мақсаттағы тауарларды ұсынады.
«Өңірлік көрме — бұл сарапшылар алаңы ғана емес, сонымен қатар халыққа аймақта өндірілетін тауарлардың түрлерімен танысуға, сондай-ақ ұнаған өнімді тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік беретін ауқымды жәрмеңке. Көрмеде облыс кәсіпорындары мен компаниялары шығарған өнімдердің кең ауқымы ұсынылады. Әр номинация бойынша үш жеңімпаздан анықталып, олар елордада өтетін байқаудың республикалық кезеңіне жолдама алады», — деп атап өтті СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Есжан Оразалин.
Естеріңізге сала кетейік, палатаның қолдауымен бұл байқау осымен оныншы рет өткізіліп отыр. Алдыңғы өңірлік кезең 2023 жылы ұйымдастырылған болатын.
Петропавл тұрғындары мен қонақтарын көрмені тамашалауға, жергілікті өндірушілерді қолдауға және өңірлік брендтің дамуына өз үлестерін қосуға шақырамы