«Атамекен» ҰКП мұнай өңдеу кәсіпорнының құқығын қалпына келтіруге ықпал етті

08.07.2026
«Атамекен» ҰКП мұнай өңдеу кәсіпорнының құқығын қалпына келтіруге ықпал етті

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына отандық мұнай өңдеу кәсіпорындарының бірінің басшылығы жүгінді.

Кәсіпкердің айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында өндірістік кешеннің жұмысы іс жүзінде тоқтап, кәсіпорынның өндірістік қызметін жүзеге асыруына және серіктестері алдындағы міндеттемелерін орындауына шектеулер қойылған.

Ұсынылған материалдарды зерделеген Кәсіпкерлерді құқықтық қорғау департаментінің мамандары тергеп-тексеру басталғаннан кейін істің құқықтық бағасына елеулі әсер ететін мән-жайлардың өзгергеніне назар аударды.

Атап айтқанда, сот инстанциясы қылмыстық қудалауды одан әрі жалғастырудың негіздеріне қосымша құқықтық баға беруді талап ететін шешімдер қабылдаған.

Кәсіпкердің құқықтарын қорғау мақсатында «Атамекен» ҰКП Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігіне тиісті хаттар жолдап, өтініште келтірілген уәждерге жан-жақты құқықтық баға беруді және кәсіпорын қызметіне кедергі келтірген шектеулердің заңдылығын қайта қарауды сұрады.

Өтінішті қарау қорытындысы бойынша қылмыстық іс қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Сонымен қатар мұнай өңдеу кәсіпорнының қалыпты жұмысына кедергі келтірген шектеулер жойылды.

Аталған жағдай бизнестің «Атамекен» ҰКП-мен уақтылы өзара іс-қимылы даулы мәселелерге қосымша құқықтық баға беруге мүмкіндік беретінін және қолданыстағы заңнама аясында кәсіпкерлердің бұзылған құқығын қалпына келтіруге ықпал ететінін тағы бір мәрте көрсетті.