Атырау облысы Исатай ауданында білім беру ұйымын құру туралы
Қоғамдық талқылау мақсатында Исатай аудандық білім бөлімінің «Томан» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру туралы сұранысы орналастырылады.
«Томан» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын құру Аққыстау ауылдық округінің 17 жол айырығында орналасқан 80 орындық балабақша құрылысының аяқталуына байланысты жүзеге асырылуда. Қазіргі уақытта нысанды пайдалануға беру үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде.
Жаңа мектепке дейінгі ұйымның пайдалануға берілуі 80 баланы (4 топ) мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуға мүмкіндік береді, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарының ашылуына ықпал етеді.
Кәсіпорынды құрудың қосымша негіздемесі ретінде «Томан» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2025 жылғы 27 тамыздағы № 11-01/5667-10 қбп//25-2336-2 қбп Қазақстан Республикасының Президентіне әлеуметтік саладағы квазимемлекеттік сектор субъектілерін құру мәселелері жөніндегі хатына қоса берілген білім беру ұйымдарының тізбесіне енгізілгені ескеріледі.
Исатай аудандық білім бөлімінің «Томан» бөбекжай-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны келесі қызмет түрлерін жүзеге асыруды жоспарлайды:
мектепке дейінгі білім беру (ЭҚЖЖ 85.10.0);
өзге топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет (ЭҚЖЖ 85.59.9);
демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру саласындағы өзге де қызмет түрлері (ЭҚЖЖ 93.29.9).
Осы мәселеге қатысты ұсыныстар мен ескертулер болған жағдайда, оларды келесі электрондық пошта мекенжайына жолдауларыңызды сұраймыз: atyrau@atameken.kz