Жарты жылда 140-тан астам мәселе: Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасы салалық кеңестер жұмысын қорытындылады
Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Қостанай облысының Кәсіпкерлер палатасында салалық кеңестердің 80-нен астам отырысы өткізіліп, оның барысында 141 мәселе қаралды. Бұл алаңдар бизнес, мемлекеттік органдар мен қаржы институттары арасындағы ашық диалогтың негізгі құралына айналып, өңірлік экономиканы дамыту үшін тиімді шешімдер әзірлеуге мүмкіндік беруде.
Өңірлік Кәсіпкерлер палатасының базасында экономиканың барлық дерлік негізгі салаларын қамтитын 8 салалық кеңес белсенді жұмыс істейді:
• Агроөнеркәсіптік кешен (АӨК);
• Өнеркәсіп және сауда;
• Құрылыс және көлік;
• Әлеуметтік сала және қызмет көрсету саласы;
• Шағын бизнесті және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту.

Кеңестер құрамына 124 тұрақты мүше кіреді — олар бизнес-қоғамдастықтың беделді өкілдері, салалық қауымдастықтардың басшылары және тәуелсіз сарапшылар. Бұл алаңдардың басты бағыты — кәсіпкерлердің жергілікті атқарушы органдармен, даму институттарымен, квазимемлекеттік сектормен және қаржы ұйымдарымен тікелей байланыс орнатуы.
Осындай сындарлы өзара іс-қимылдың арқасында бизнестің нақты өтініштерін жедел қарап қана қоймай, заңнаманы, мемлекеттік қолдау тетіктерін және құқық қолдану практикасын жетілдіру бойынша жүйелі ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік туды, — деп атап өтті Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Давлетпаев
Жартыжылдық статистикасы жұмыстың жоғары қарқынын айқын дәлелдейді: өткізілген 80-нен астам отырыстың 41-і жергілікті атқарушы органдардың (ЖАО) тікелей қатысуымен өтті. Мұндай бірлескен отырыстар аясында билік тарапынан араласуды талап ететін 54 өзекті мәселе егжей-тегжейлі пысықталды.
Сонымен қатар, Палата филиалдары жанынан жұмыс істейтін аудандық және қалалық кеңестер де жергілікті жерлерде үлкен қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда өңірде 136 тұрақты мүшенің басын қосқан 19 осындай кеңес жұмыс істейді. Жыл басынан бері олар 26 отырыс өткізіп, 49 мәселені қарады (оның үшеуі — ЖАО қатысуымен). Бұл моноқалалар мен облыстың шалғай аудандарындағы кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге септігін тигізуде.
Отырыстардың күн тәртібін талдау көрсеткендей, өңір кәсіпкерлері жиі кездесетін негізгі жүйелі мәселелер мыналар:
1. Жер қатынастары.
2. Мемлекеттік қолдау шаралары және субсидиялаудың ашықтығы.
3. Салықтық әкімшілендіру.
Салалық және аудандық кеңестердің жұмысы тағы бір маңызды функцияны атқарады — ол бизнестің бірыңғай, шоғырландырылған ұстанымын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қостанайлық кәсіпкерлердің жергілікті деңгейдегі түйткілді мәселелері мұқият талданып, жүйелі бастамаларға айналады, олар кейіннен өңірлік және республикалық деңгейде ілгерілетіледі.