Маркетплейс курсында табысты сатылымның тиімді тәсілдері талқыланды

13.06.2026
Маркетплейс курсында табысты сатылымның тиімді тәсілдері талқыланды

«Маркетплейс» оқу курсының қатысушылары заманауи онлайн-сауда алаңдарында бизнестерін табысты дамытуға көмектесетін көптеген жаңа әрі тәжірибелік білім алды.

Оқу барысында курс спикері Альмира Құсманова сатылым воронкасын тиімді құру, клиенттердің қажеттілігін дұрыс анықтау және нарықтағы сұранысқа сай ұсыныс қалыптастыру жолдарын жан-жақты түсіндірді. Сонымен қатар, бәсекелестерден ерекшелену, сатып алушылардың сенімін арттыру және сатылым көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін тиімді құралдар туралы баяндады.

Курс барысында алған білім қатысушылардың маркетплейстерде өз өнімдерін тиімді ілгерілетіп, кәсіпкерлік қызметін одан әрі табысты дамытуына берік негіз болады.

ИзображениеИзображение

 

Изображение

 

ИзображениеИзображениеИзображениеИзображение

 

Изображение