«Іскерлік байланыстар» бағдарламасы бойынша қатысушыларды іріктеуге өтінімдер қабылдау басталды

16.03.2026
 «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы бойынша қатысушыларды іріктеуге өтінімдер қабылдау басталды

📢 «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы бойынша қатысушыларды іріктеуге өтінімдер қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Іскерлік байланыстар» бағдарламасы шеңберінде «Circular economy / Environmental technologies» («Циркулярлық экономика / Экологиялық технологиялар») бағыты бойынша (тау-кен металлургия кешені саласын қоса алғанда) халықаралық салалық топқа қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлаймыз.

Бағдарлама Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы кәсіпкерлерінің бірлескен тобы үшін ұйымдастырылады. Оқыту және іскерлік кездесулер ағылшын тілінде өткізіледі.

Бағдарламаның өткізілу мерзімі:

келу күні – 2026 жылғы 31 мамыр;

қайту күні – 2026 жылғы 19 маусым.

Бағдарламаға келесі салаларда қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер қатыса алады:

циркулярлық экономика және қайта өңдеу;

қалдықтар мен ағынды суларды басқару;

қайталама шикізат өндіру;

экологиялық технологиялар;

тау-кен металлургия кешені (ресурстық тиімділік, қайта өңдеу, шығарындыларды азайту, энергия тиімділігін басқару және т.б.).

Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:

кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеп тұрған және қаржылық жағынан орнықты болуы;

қатысушы кәсіпорынның меншік иесі, басшысы немесе басқарушылық шешім қабылдау құқығына ие топ-менеджері болуы;

Германия компанияларымен ынтымақтастық орнатуға бағытталған нақты бизнес-идеясының болуы (экспорт, импорт, дистрибуция немесе бірлескен жобаларды іске асыру);

ағылшын тілін іскерлік келіссөздер жүргізуге және оқу бағдарламасына өз бетінше қатысуға жеткілікті деңгейде еркін меңгеруі.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 27 наурызға дейін.

Өтінімдер өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы қабылданады.

Қосымша ақпарат алу үшін (Түркістан облысы):

📞 Азат – +7 707 950 1910.