Құрметті кәсіпкерлер!
Құрметті кәсіпкерлер!
Түркістан облысының Кәсіпкерлер палатасы «Іскерлік байланыстар» жобасы аясында Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы арасындағы іскерлік ынтымақтастықты дамытуға бағытталған халықаралық бағдарламаға қатысу үшін өтінімдерді қабылдау басталғанын хабарлайды.
Бағдарламаға өндіріс, агроөнеркәсіптік кешен, тамақ өнеркәсібі, ақпараттық технологиялар, құрылыс, логистика, медицина, энергетика және басқа да экономиканың басым секторларында қызмет атқаратын кәсіпорындардың бірінші басшылары мен топ-менеджерлері қатыса алады.
Қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
басқарушылық шешімдер қабылдау құзыретінің болуы;
кәсіпорынның орташа жылдық табысының кемінде 10 000 АЕК көлемінде болуы;
Германияның кәсіпорындарымен іскерлік байланыстар орнатуға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытуы.
Бағдарламаны іске асыру мерзімі:
Онлайн оқыту және дайындық кезеңі – 2026 жылғы 10 тамыз бен 10 қазан аралығы;
Германия Федеративтік Республикасындағы тағылымдамадан өту кезеңі – 2026 жылғы 11 қазан мен 30 қазан аралығы.
Бағдарлама шеңберінде неміс тарапы қатысушыларға визалық қолдау көрсетуді, тұру орнын, медициналық сақтандыруды және Германия аумағындағы трансферлік қызметтерді қамтамасыз етеді. Халықаралық әуе тасымалы шығындары қатысушының өз қаражаты есебінен төленеді.
Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2026 жылғы 10 шілде.
Бағдарламаға қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлерді Кәсіпкерлер палатасына хабарласуға шақырамыз.
Байланыс тұлғасы:
Абдрахманов Жасұлан Бердіұлы – сарапшы
Тел.: +7 775 333 16 11
Өтінімдер шектеулі орындар санына сәйкес қабылданады.
Халықаралық әріптестік орнату және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!