«Атамекен» Арбитраж орталығының Атқарушы директоры тағайындалды
«Атамекен» ҰКП Төралқасының шешімімен «Атамекен» Арбитраж орталығының Атқарушы директоры лауазымына Дана Айтмағанбетқызы Тоқмұрзина тағайындалды.

Бүгінде Арбитраж орталығының алдында төрелік институтын одан әрі дамыту, кәсіпкерлер қауымдастығының сенімін нығайту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, коммерциялық дауларды шешудің заманауи тәсілдерін енгізу және бизнестің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиімді тетігі ретінде төреліктің беделі мен сұранысын арттыру сияқты маңызды міндеттер тұр.
«Атамекен» ҰКП Арбитраж орталығы – коммерциялық дауларды тиімді шешуді қамтамасыз ететін Қазақстандағы жетекші арбитраждық институттардың бірі. Жаңа атқарушы директордың басшылығымен арбитраж институтын одан әрі дамыту, халықаралық тәжірибені енгізу және бизнестің дауларды соттан тыс реттеу тетіктеріне деген сенімін арттыру бағытындағы жұмысын жалғастырады.