Импортсыз энергетика: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?

20.07.2026
Импортсыз энергетика: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?

Қазақстан энергетика саласында технологиялық тәуелсіздікке қалай қол жеткізе алады? Бұл сұрақ Business Bailam подкастының жаңа шығарылымында кеңінен талқыланды.

Бағдарлама қонағы – Қарағанды турбомеханикалық зауытының директоры Борис Николаевич Шельпяков. Сұхбат барысында отандық турбомашина жасау саласының даму перспективалары, инженерлік кадрлардың ел өнеркәсібіндегі стратегиялық рөлі және қазақстандық кәсіпорындардың технологиялық егемендікті нығайтуға қосып отырған үлесі сөз болады.

Сондай-ақ, энергетика саласына қажетті жабдықтарды елімізде өндірудің маңыздылығы, Қазақстанда қалыптасқан инженерлік құзыреттер мен отандық өнеркәсіптің болашағы талқыланады.

Жаңа шығарылым экономика, өнеркәсіп және энергетика саласының дамуына қызығушылық танытатын көрермендер үшін пайдалы болмақ.

Сіздің ойыңызша, Қазақстанның технологиялық тәуелсіздігінің негізіне айналуға тиіс басты сала қайсы?Business Bailam подкастының жаңа шығарылымын көріп, пікір білдіріңіз.