«Атамекен» ҰКП «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ тобындағы тәуелсіз директорлар институтының дамуын қолдайды

20.07.2026
«Атамекен» ҰКП «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ тобындағы тәуелсіз директорлар институтының дамуын қолдайды

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» АҚ-ның корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру және холдинг құрамындағы компанияларда тәуелсіз директорлардың рөлін күшейту бағытындағы жүйелі жұмысын жоғары бағалайды.  

Осы бағыттағы маңызды қадамдардың бірі – тәуелсіз директор Санжар Жамаловтың «Отбасы банк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлануы. «Атамекен» ҰКП Санжар Жамаловтың жаңа қызметімен құттықтай отырып, бұл шешім Холдингтің корпоративтік басқарудың заманауи қағидаттары мен халықаралық озық тәжірибеге бейілділігін айқын көрсететінін атап өтті.

Изображение

Тәуелсіз директордың Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайлануы корпоративтік басқарудың тиімді моделін қалыптастырудағы маңызды қадам саналады. Мұндай тәжірибе басқару шешімдерінің тәуелсіздігін, ашықтығын және объективтілігін қамтамасыз етіп қана қоймай, компаниялардың қызмет тиімділігін арттыруға, инвесторлар, бизнес және қоғам тарапынан сенімді нығайтуға ықпал етеді.

Айта кету керек, бұл – «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ тобындағы алғашқы тәжірибе емес. Бұған дейін «Qazaqstan Investment Corporation» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметіне де тәуелсіз директор сайланған еді. Бұл Холдингтің корпоративтік басқарудың заманауи стандарттарын жүйелі түрде енгізіп, тәуелсіз директорлар институтын дамытуға дәйекті түрде көңіл бөліп отырғанын көрсетеді.

Корпоративтік басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру және тәуелсіз директорлар институтын дамыту – «Атамекен» ҰКП Президиумы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңес қызметінің негізгі бағыттарының бірі. Кеңес мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың, бизнес қауымдастықтың және сарапшылар қауымының өкілдерін біріктіріп, Қазақстан Республикасында корпоративтік басқару саласындағы заңнаманы және үздік тәжірибелерді жетілдіруге бағытталған ұсыныстар әзірлейді.

Бұл ретте «Бәйтерек» ҰИХ» АҚ-ның «Атамекен» ҰКП Президиумы жанындағы Корпоративтік басқару жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі екендігі ерекше маңызға ие. Холдинг Кеңес ұсынған тәсілдер мен қағидаттарды өз қызметінде дәйекті түрде іске асырып келеді. Бұл тәжірибе елімізде корпоративтік басқару мәдениетін нығайтуға, директорлар кеңестерінің тиімділігін арттыруға және тәуелсіз директорлар институтының одан әрі дамуына зор үлес қосады.