«Атамекен» ҰКП алаңында ББҚ-ны таңбалау мәселелері бойынша бизнес ұсыныстары талқыланды

21.07.2026
«Атамекен» ҰКП алаңында ББҚ-ны таңбалау мәселелері бойынша бизнес ұсыныстары талқыланды

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі мен бизнес қауымдастығы өкілдерінің қатысуымен биологиялық белсенді қоспаларды (ББҚ) міндетті таңбалау мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.

Жиында 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап күшіне енетін биологиялық белсенді қоспаларды сәйкестендіру құралдарымен міндетті таңбалауды енгізудің практикалық мәселелері көтерілді.

Кездесу барысында кәсіпкерлер жаңа талаптарды тиімді әрі кедергісіз енгізуге бағытталған бірқатар ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, таңбалау жүйесіне шетелдік ББҚ өндірушілерін, сондай-ақ олардың уәкілетті өкілдерін, еншілес ұйымдары мен филиалдарын қатыстыру мүмкіндігі талқыланды.

Сонымен қатар ББҚ-ға таңбалау кодтарын кедендік және дәріханалық (дистрибьюторлық) қоймаларда енгізу мәселесіне ерекше назар аударылды. Өнімді ішкі тұтыну үшін шығару немесе кері импорт кедендік рәсімдеріне орналастырғанға дейін және аталған рәсімдер аяқталғаннан кейін таңбалау тетіктері қарастырылды.

Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті мемлекеттік орган кәсіпкерлердің шетелдік өндірушілер мен олардың өкілдерінің таңбалау жүйесіне қатысуына, сондай-ақ ББҚ-ны кедендік және дәріханалық (дистрибьюторлық) қоймаларда таңбалауды ұйымдастыруға қатысты ұсыныстарын қарастыратын болды.

Кәсіпкерлердің ұсыныстарын биологиялық белсенді қоспаларды таңбалау және олардың қадағалану қағидалары жобасын одан әрі жетілдіру барысында ескеру жоспарланып отыр.

Кеңес қорытындысы бойынша «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы әзірленген ұсыныстарды әрі қарай қарау үшін уәкілетті мемлекеттік органның қарауына жолданды.