Көкшетауда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтеді

21.07.2026
Көкшетауда «Бір ауыл – бір өнім» көрмесі өтеді

20 тамыз күні Көкшетау қаласында жергілікті шикізаттан өнім өндіретін және ауылдық жерлерде өндірісті дамытып отырған кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы аясында өнім көрмесі өтеді.

Жоба өңір кәсіпкерлері арасында дәстүрлі түрде үлкен қызығушылық тудырып келеді. Бүгінгі таңда Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасына Астрахан, Ақкөл, Аршалы, Бурабай, Егіндікөл, Қорғалжын, Целиноград аудандарының, сондай-ақ Қосшы және Көкшетау қалаларының тұрғындарынан 40 өтінім келіп түсті. Өтінімдерді қабылдау 20 тамызды қоса алғанда жалғасады.

Қатысушылардың арасында табиғи жергілікті шикізатты пайдаланатын өндірушілер ерекше орын алады. Олар жүн мен киізден жасалған бұйымдарды, ұлттық киімдер мен тұрмыстық заттарды, кәдесый өнімдерін, сондай-ақ дәстүрлі қолөнерді заманауи дизайнмен ұштастырған тауарларды ұсынады. Дәл осындай жобалар «Бір ауыл – бір өнім» бастамасының негізгі идеясын – Ақмола облысының өзіндік ерекшелігін айшықтайтын бірегей өнім өндіруді көрсетеді.

Көрме қонақтары жергілікті тауар өндірушілердің кең ауқымды өнімдерімен таныса алады. Ұсынылатын жобалардың қатарында нан-тоқаш өнімдері, ет және сүт өнімдері, жартылай фабрикаттар, зергерлік бұйымдар, тоқыма өнімдері, ұлттық киімдер, музыкалық аспаптар, интерьерлік ойыншықтар, жиһаз, жуғыш құралдар және жергілікті шикізат негізінде өндірілген басқа да көптеген тауарлар бар.

«Бір ауыл – бір өнім» жобасы кәсіпкерлерге өз өнімдерін таныстырумен қатар, бизнесті одан әрі дамытуға мүмкіндік береді. Іріктеуден өткен қатысушылар өнімнің дизайны, қаптамасы және оны нарыққа жылжыту мәселелері бойынша сараптамалық қолдауға ие болады. Жоба жүзеге асырылған жылдар ішінде оның қатысушылары түрлі байқаулардың жеңімпазы атанып, мемлекеттік қолдау шараларын пайдаланды, Ақмола облысын республикалық және халықаралық көрмелер мен конкурстарда табысты таныстырды. Соның нәтижесінде көптеген шағын өндіріс орындары өз кәсіптерін кеңейтуге мүмкіндік алды», – деді Ақмола облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Ерқанат Мұсылманбек.

Қосымша ақпарат алу үшін: Көкшетау қаласы, Абай көшесі, 96 мекенжайына немесе мына байланыс телефондарына хабарласуға болады: +7 707 520 9085 (Анар Саниева), +7 778 335 8825 (Әділ Қаратаев).