Алматы: инвестициялар және экономиканың жаңа өсу нүктелері

27.07.2026
Алматы: инвестициялар және экономиканың жаңа өсу нүктелері

Алматы қаласында «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма төрағасының орынбасары Аслан Ермекұлы Қалиғазиннің жұмыс сапары өтті. Сапар аясында қаланың инвестициялық даму мәселелері талқыланып, бизнес өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылып, кәсіпкерлерді толғандырған өзекті мәселелер қаралды.

Бағдарламаның алғашқы бөлігінде Алматы қаласының даму бағыттары мен инвестициялық ахуалы таныстырылды. Қатысушыларға қаланың перспективалы инвестициялық жобалары, Алматы тау кластерін дамыту жоспарлары, сондай-ақ шағын және орта бизнесті қолдау, туризмді дамыту және заманауи қалалық ортаны қалыптастыру құралы ретінде гастрокөшелерді дамыту тұжырымдамасы ұсынылды.

Almaty Invest, «Almaty Tau Management» ЖШС және «СПК «Алматы» АҚ өкілдерінің таныстырылымдары ерекше қызығушылық тудырды. Олар инвестиция тартуға, экономиканың жаңа өсу нүктелерін қалыптастыруға және Алматының халықаралық тартымдылығын арттыруға бағытталған заманауи бастамалар мен инновациялық жобаларды ұсынды. Жобалар туристік инфрақұрылымды дамытуға, жаңа қоғамдық кеңістіктер құруға, кәсіпкерлікті қолдауға және қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған. Осындай бастамаларды іске асыру қала экономикасына тың серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, шағын және орта бизнестің дамуына, туристер ағынының артуына және Алматының өңірдегі жетекші іскерлік әрі туристік орталықтардың бірі ретіндегі позициясын нығайтуға ықпал етеді.

 

Изображение

Сапар барысында кәсіпкерлермен ашық диалогқа ерекше назар аударылды. «The Apple Tree International School» ЖШС, «Келет» АҚ және «Ocean Fresh Group» ЖШС өкілдері инвестициялық және өндірістік жобаларды іске асыру кезінде, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында туындайтын мәселелерді көтерді. Бұл мәселелерді бизнес өз күшімен шеше алмайтындықтан, олар жүйелі тәсілді және салалық мемлекеттік органдармен бірлескен жұмысты талап етеді. Осыған байланысты кәсіпкерлер өз ұсыныстары мен мәселелерін қарау үшін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының алаңына жүгінді.

Аслан Қалиғазин кәсіпкерлердің ұсыныстары мен өтініштерін мұқият тыңдады. Көтерілген барлық мәселелер әрі қарайғы жұмысқа қабылданып, оларды салалық мемлекеттік органдармен және тиісті ұйымдармен бірлесіп пысықтау жоспарлануда.

Жұмыс сапары Алматының жоғары өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетін, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңындағы бизнес пен мемлекет арасындағы тікелей диалогтың тиімділігін тағы бір мәрте көрсетті. Осындай формат кәсіпкерлерге өз мәселелерін профильдік сарапшылармен тікелей талқылауға және оларды мемлекеттік органдар деңгейінде қарауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде шешім қабылдау үдерісін жеделдетіп, өзара іс-қимылды тиімді етіп, кәсіпкерліктің дамуына қолайлы іскерлік ортаны қалыптастыруға ықпал етеді.