Бизнесті қолдау құралдарын жақсарту мақсатында ШОБ өкілдеріне арналған сауалнама
Құрметті кәсіпкерлер!
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері арасында онлайн сауалнама жүргізуде.
Сауалнама нәтижелері кәсіпкерлердің қажеттіліктерін жан-жақты талдауға және бизнесті қолдау құралдарын одан әрі жетілдіруге пайдаланылатын болады.
Сіздерді сауалнамаға қатысып, іскерлік ортаны дамытуға өз үлестеріңізді қосуға шақырамыз!
Сауалнамаға сілтеме арқылы немесе QR-кодты сканерлеу арқылы қатысуға болады: https://damu.kz/poleznaya-informatsiya/damu_analytics/charts/survey/.