«Атамекен» ҰКП-да платформалық жұмыспен қамтуды реттеу мәселелері талқыланды

29.07.2026
«Атамекен» ҰКП-да платформалық жұмыспен қамтуды реттеу мәселелері талқыланды

Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы алаңында ҰКП Төралқа Төарғасы Қанат Шарлапаевтың жетекшілігімен платформалық жұмыспен қамтуды реттеу ісін жетілдіру мәселелеріне арналған кезекті кеңес өтті. Жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, салалық министрліктер мен ведомстволардың өкілдері, сондай-ақ жетекші цифрлық платформалар мен қаржы ұйымдарының басшылары қатысты.

Изображение

Кездесуді ашқан Қанат Шарлапаев бизнес пен мемлекеттің бірлескен жұмысының жоғары қарқындылығы мен нәтижелілігін атап өтті:

Изображение

«Осыдан екі апта бұрын өткен кездесуде біз платформалық жұмыспен қамту ісін реттеуді жетілдіру, платформалық жұмыспен қамту мен дәстүрлі еңбек қатынастарын ажырату, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік, сондай-ақ платформалық жұмыспен қамту субъектілерінің тізілімін жүргізу мәселелерін қарадық. Осы уақыт ішінде салалық мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің, цифрлық платформалар мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен кәсіби пікірталастар белсенді түрде жүргізілді. Үлкен жұмыс атқарылды, оның нәтижесінде құқықтық реттеудің нақты тетіктері көрсетілген Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру қағидаларының жобасы қалыптастырылды», – деп атап өтті Қанат Шарлапаев.

Изображение

Кездесу барысында қатысушылар тіркеу, цифрлық өзара іс-қимыл тәртібі, орындаушылар мен тапсырыс берушілердің құқығын қорғау мәселелерін, сондай-ақ тараптардың құқықтық мәртебесін айқындаудың нақты өлшемдерін қамтитын Платформалық жұмыспен қамтуды жүзеге асыру қағидаларының жобасын талқылады. Сонымен қатар, профильді министрлік өкілдері Enbek.kz порталындағы жаңа ақпараттық бөлімді таныстырды. Ол азаматтарға ірі интернет-платформаларда жұмыс істеу және қосымша табыс табу мүмкіндіктері бойынша бірыңғай бағдар болуға арналған. Сондай-ақ, салықтық әкімшілендірудің өзекті мәселелері, операторлардың салық агенттері функцияларын орындауы және ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселелері талқыланды.

Изображение

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру жөніндегі бірлескен жұмысты жалғастыруға дайын екендерін растады. Бизнес пен мемлекеттік органдардан түскен барлық ұсыныстар жұмыс тобының келесі отырысында егжей-тегжейлі қарау үшін Ұлттық палата алаңында жинастырылатын болады.