Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы мен «Azamatsha KZ» қоғамдық қоры арасында жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында қылмыстық-атқару жүйесінің әйелдер мекемесінде «Әмбебап шаштараз» курсын аяқтаған 28 қатысушыға сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

16.07.2026

Іс-шараға Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес бөлімінің басшысы Венера Сәкенқызы Ертлеуова қатысып, түлектерді оқу курсын сәтті аяқтауларымен құттықтады. Ол қатысушыларға кәсіби табыс, өз күштеріне деген сенімділік және бостандыққа шыққаннан кейін жаңа мүмкіндіктер тіледі.

«Azamatsha KZ» қоғамдық қоры 2024 жылдан бастап қылмыстық-атқару жүйесінің әйелдер мен ерлер мекемелерінде қысқа мерзімді кәсіптік курстарды жүзеге асырып келеді. Жобаның негізгі мақсаты — сотталған азаматтарға сұранысқа ие мамандық игеруге, өз күшіне деген сенімін арттыруға және бостандыққа шыққаннан кейін қоғамға табысты бейімделуге көмектесу.

Оқу барысында қатысушылар шаштараз өнерінің негізгі теориялық және практикалық дағдыларын меңгерді. Алған білімдері мен тәжірибелері олардың алдағы уақытта жұмысқа орналасуына, тұрақты табыс табуына немесе жеке кәсібін ашуына мүмкіндік береді.

Ұйымдастырушылар білім беру, қолдау көрсету және жаңа мамандық игеруге мүмкіндік жасау адамның өмірін өзгертуге, қоғамға табысты қайта оралуына және жаңа болашаққа нық қадам басуына ықпал ететініне сенімді.