Business GO – бизнесті цифрландырудағы жаңа қадам

31.07.2026
Business GO – бизнесті цифрландырудағы жаңа қадам

Ұлытау облысының Кәсіпкерлер палатасында микро, шағын және орта бизнесті қолдауға арналған жаңа Business GO цифрлық экожүйесінің таныстырылымы өтті.

Іс-шара барысында қатысушыларға кәсіпкерлік қызметті жүргізуге арналған заманауи цифрлық сервистерді біріктіретін платформаның мүмкіндіктері таныстырылды. Business GO онлайн-касса, тауарлық есеп, фискалдық деректермен жұмыс істеу және басқа да қажетті құралдарды қамтитын күнделікті бизнес-процестерді автоматтандыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде бизнесті басқару үдерісін едәуір жеңілдетеді.

Business GO цифрлық кәсіпкерлікті дамытудағы маңызды қадам болмақ. Платформаны енгізу кәсіпкерлердің жұмыс тиімділігін арттырып, өз бизнесін дамытуға көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.

 

Изображение

 

Изображение

 

ИзображениеИзображение