Қысқа мерзімді оқыту орталықтарымен жұмыс кездесуі өтті

26.05.2026
Қысқа мерзімді оқыту орталықтарымен жұмыс кездесуі өтті

үгін Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Палата реестріне енген қысқа мерзімді оқыту орталықтарының өкілдерімен жұмыс кездесуі өтті.

Кездесуді Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ақиқат Абдуллаұлы алғы сөзбен ашып, өңірдегі адами капиталды дамыту, еңбек нарығына қажетті мамандар даярлау және қысқа мерзімді кәсіптік оқытудың маңыздылығына тоқталды.

Жиын барысында Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ер-Әділ Рахатұлы қатысушыларға кездесудің негізгі мақсаты мен өзектілігін таныстырып, оқу орталықтарының қызмет сапасын арттыру және өңірдегі кәсіптік оқытуды дамыту бағытындағы жұмыстар жөнінде баяндады.

Сонымен қатар, Маңғыстау облысының еңбек мобильдігі орталығының оқыту бөлімінің басшысы Мадина Махамбетқызы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы №231 бұйрығына сәйкес кәсіптік оқытуды ұйымдастыру тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Атап айтқанда:
🔹 кәсіптік оқытудың түрлері;
🔹 оқыту бағыттарына қойылатын талаптар;
🔹 оқу процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;
🔹 құжаттандыру және есептілік мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында реестрде тіркелген оқу орталықтарының өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.