Агросалаға қатысты өзекті түйіткілдер көтерілді
Маңғыстау облысы кәсіпкерлер Палатасы жанында құрылған агроөнеркәсіп кешені салалық кеңесінің кезекті отырыс өтті.
Отырыс барысында цифрлық шешімдерді енгізу, көші-қон және еңбек қатынастары саласындағы бақылауды жетілдіру, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін қолайлы құқықтық орта қалыптастыру мәселелері көтерілді.
Жиынға салалық кеңес мүшелері, ҚР Ішкі істер министрлігінің және «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері ZOOM платформасы арқылы онлайн қатысты.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар заң жобасына қатысты ұсыныстарды жинақтап, уәкілетті органдарға жолдау жөнінде келісімге келді.