Республикалық Hackathon идеялар конкурсының ашылу салтанаты өтті

02.06.2026
Республикалық Hackathon идеялар конкурсының ашылу салтанаты өтті

Халел Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі жанындағы «Мехатроника» және «Робототехника және кірістірілетін жүйелер» бейіндері бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында цифрлық дағдыларды қолдана отырып, әртүрлі салаларға арналған IT-шешімдерді әзірлеу жөніндегі республикалық Hackathon идеялар конкурсының ашылу салтанаты өтті.

Аталған іс-шараға Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ер-Әділ Рахатұлы қатысып, байқауға қатысушыларға сәттілік тіледі.

Өз сөзінде ол робототехника, цифрландыру және инновациялық технологиялардың қазіргі қоғамдағы маңыздылығына тоқталып, мұндай жобалардың жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шығармашылық әлеуетін дамытуға және өңірдің адами капиталының сапалы өсуіне зор үлес қосатынын атап өтті.

Hackathon – жастардың тың идеяларын жүзеге асырып, заманауи технологиялық шешімдерді ұсынуға мүмкіндік беретін маңызды алаң. Осындай бастамалар арқылы еліміздің цифрлық болашағын қалыптастыратын білікті мамандар қатары арта түсетіні сөзсіз.