Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Turkistan Hub ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

15.07.2026
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы мен Turkistan Hub ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында Turkistan Hub пен «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Құжаттың негізгі мақсаты – өңірдегі кәсіпкерлікті қолдау, инновациялық экожүйені дамыту және цифрлық трансформация бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.
Меморандум аясында тараптар кәсіпкерлер мен стартап-жобаларды қолдауға арналған білім беру бағдарламаларын, семинарлар, форумдар, тренингтер және өзге де бірлескен іс-шараларды ұйымдастыруға уағдаласты. Сонымен қатар, инновациялық жобаларды дамыту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу, кәсіпкерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және өңір тұрғындарының цифрлық құзыреттерін дамытуға бағытталған бастамаларды бірлесіп іске асыру көзделіп отыр.

Қол қойылған меморандум өңірдің кәсіпкерлік ортасын дамытуға, инновациялық бастамаларды қолдауға және цифрлық экономиканың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам саналады.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаевтың айтуынша, бұл серіктестік өңірдегі кәсіпкерлік экожүйесін жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

«Бүгінде кәсіпкерлікті дамыту тек қаржылық қолдаумен шектелмейді. Заманауи білім, цифрлық технологиялар мен инновациялық шешімдер бизнестің тұрақты дамуының негізгі тетігіне айналды. Turkistan Hub-пен орнатылған әріптестік кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктер ұсынып, стартаптарды қолдауға, инновациялық жобаларды дамытуға және өңірдің адами капиталын нығайтуға серпін береді. Біз алдағы уақытта кәсіпкерлер үшін нақты нәтижеге бағытталған бірлескен жобаларды жүзеге асыруды жалғастырамыз», – деді Асылан Ибадуллаев.

Изображение

Өз кезегінде Turkistan Hub пен Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы алдағы уақытта өңірдің әлеуметтік-экономикалық және технологиялық дамуына үлес қосатын бірлескен жобаларды іске асыруды жалғастырады. Тараптар кәсіпкерлік пен инновацияны ұштастыра отырып, жаңа бастамаларды жүзеге асыру арқылы өңірдің инвестициялық тартымдылығы мен цифрлық әлеуетін арттыруға күш салмақ. Енді осыны өте сауатты орыс тіліне аударып берші.