20 қытайлық компания мен қазақстандық бизнес бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады
Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасында Қытайдың Биньчжоу қаласынан келген 20 кәсіпорын өкілдері мен қазақстандық бизнес өкілдерінің қатысуымен іскерлік кездесу өтті. Іс-шара Биньчжоу қаласының Кәсіпорындар мен кәсіпкерлер федерациясымен бірлесіп ұйымдастырылды.
Кездесуді аша отырып, Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Әлин Қытайдың Қазақстанның негізгі сауда-экономикалық серіктестерінің бірі болып қала беретінін атап өтті. Оның айтуынша, екі ел компаниялары арасындағы тікелей диалог іскерлік байланыстарды дамытуға, технологиялар мен өндірістік тәжірибе алмасуға, сондай-ақ бірлескен жобаларды іске асырудың жаңа мүмкіндіктерін қарастыруға жол ашады.

Кездесуге химия өнеркәсібі және жаңа материалдар өндірісі, жаңа энергетика, металлургия, құрылыс және құрылыс материалдарын өндіру, ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі, мұнай-газ жабдықтары, логистика және цифрлық технологиялар салаларындағы компаниялар қатысты.
Қытайлық және қазақстандық компаниялар өз қызметінің негізгі бағыттарын, өнімдері мен өндірістік мүмкіндіктерін таныстырды. Қазақстан тарапынан «Алтын сапа» және «Қазақстанның үздік тауары» конкурстарына қатысушылар, соның ішінде өткен жылдардағы лауреаттар мен дипломанттар да өз өнімдерін таныстырды.

Іскерлік диалог барысында қатысушылар жаңа нарықтарға шығу мүмкіндіктерін, әлеуетті серіктестерді іздеуді және өнеркәсіптік әрі технологиялық кооперацияның ықтимал бағыттарын талқылады. Компания өкілдері өндірістік мүмкіндіктері туралы ақпарат алмасып, одан әрі ынтымақтастыққа қызығушылықтарын білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық және қытайлық компаниялар жаңа іскерлік байланыстар орнатып, ынтымақтастықтың перспективалы бағыттары бойынша келіссөздерді жалғастыруға ниет білдірді.
Қазақстандық бизнес үшін мұндай алаңдар әлеуетті шетелдік серіктестермен тікелей байланыс орнатуға, отандық өнімді таныстыруға және ынтымақтастықтың нақты бағыттарын талқылауға мүмкіндік береді. Шетелдік компаниялармен тікелей диалог өндірістік кооперацияны дамытуға, жаңа технологиялар мен тәжірибені тартуға және қазақстандық өнімнің жаңа нарықтарға шығуына қосымша мүмкіндік береді.