Елорда Кәсіпкерлер палатасы мен Астана қаласының Адвокаттар алқасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

14.08.2026
Елорда Кәсіпкерлер палатасы мен Астана қаласының Адвокаттар алқасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Елорда Кәсіпкерлер палатасы мен Астана қаласының Адвокаттар алқасы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Құжат бизнестің құқықтық қорғалуын күшейтуге және кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің ықтимал бұзылуына уақтылы ден қоюға бағытталған.

Ынтымақтастық аясында Палата мен адвокаттар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылды күшейту, оның ішінде кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуы және құқық қолдану саласындағы жүйелі мәселелер бойынша ақпарат алмасу көзделген. Сондай-ақ құқықтық тәуекелдерді уақтылы анықтауға және заңнаманы жетілдіру мен құқық қолдану практикасын жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеуге ерекше назар аударылмақ.

Ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі - превентивті жұмыс. Атап айтқанда, тараптар кәсіпкерлерді негізсіз қылмыстық қудалауға, әкімшілік жауапкершілікке тартуға, сондай-ақ азаматтық және әкімшілік істерді қарау барысында олардың құқықтарының бұзылуына қатысты жағдайларға назар аударуды жоспарлап отыр.

Елорда Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Алиннің айтуынша, адвокаттар қауымдастығымен өзара іс-қимыл құқықтық тәуекелдерді жедел анықтауға және бизнес құқықтарының ықтимал бұзылуына уақтылы ден қоюға мүмкіндік береді.

Изображение

«Кәсіпкер үшін құқықтық қолдауды мәселе күрделеніп, елеулі салдарға әкелмей тұрып алу маңызды», – деді Қанат Алин.

Меморандум аясында бірлескен талдамалық, консультациялық және білім беру іс-шараларын өткізу, жұмыс топтарына қатысу, сондай-ақ бизнес мүдделеріне қатысты мәселелер бойынша ақпарат алмасу жоспарлануда.

Изображение

Қол қойылған құжат Палата мен адвокаттар қауымдастығы арасындағы өзара іс-қимылдың қосымша тетігіне айналмақ. Бұл құқықтық тәуекелдерге уақтылы ден қоюға, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге және бизнеске қатысты заңсыз қысымның алдын алу бойынша шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.