Қарағанды облысының кәсіпкерлеріне МӘМС бойынша жаңа ережелер түсіндірілді және бизнеске арналған цифрлық платформа таныстырылды
Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасыСалааралық кеңестің отырысын өткізді, ондакәсіпкерлерге 2026 жылдың басынан бастапкүшіне енген міндетті әлеуметтік медициналықсақтандыру жүйесіндегі өзгерістер түсіндірілдіжәне бірнеше қызметті бір жазылым арқылыалмастыруға мүмкіндік беретін Business Go бизнеске арналған бірыңғай цифрлықплатформасы таныстырылды. Кездесугепалатаның Салааралық іскер әйелдер кеңесініңтөрайымы Алмагүл Абаева модератор болды.
Жаңа ережелерді Қарағанды облысы бойынша«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалының халықты ақпараттандырубөлімінің басшысы Жанар Рахишева түсіндірді. Ол «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырутуралы» ҚР Заңына 2025 жылғы 14 шілдедеөзгерістер енгізілгенін, олардың бір бөлігі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгенінхабарлады.
Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикаменайналысатын тұлғалар үшін жарна мөлшерлемесібұрынғы деңгейде қалды - ең төмен жалақымөлшерінің 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ы. Жұмыс берушілер үшін жарналарды есептеукезінде қолданылатын жалақының шекті деңгейінақтыланды, аударым мөлшерлемелері өзгеріссізқалды.
Спикер жеке қызметін тоқтата тұрғанкәсіпкерлердің іс-әрекет тәртібін жеке-жекетүсіндірді және сақтандырылған мәртебесін сақтауүшін жарналарды үздіксіз төлеудің маңыздылығынатап өтті - бұдан тегін медициналық көмектіңкепілдендірілген көлеміне қолжетімділік тәуелді. МӘМС жүйесімен қамтылатын медициналыққызмет түрлері туралы толық ақпаратты қордыңресми сайтынан алуға болады.
Отырыс қатысушыларына бір жеке кабинеттеонлайн-кассаны, тауарды есепке алу жүйесін, адалдық бағдарламасын және цифрлық мәзірдібіріктіретін Business Go платформасытаныстырылды. Жоба өкілі Руслан айтуынша, платформаға қосылу кәсіпкерге жылына 15 мыңтеңгеге түседі - барлық қызметтер пакеті үшін.
Палатада Business Go-ға қосылу бойыншакеңестерді кәсіпкерлер палатаның кәсіпкерліктіқолдау орталықтарынан - Қарағандыда және облысаудандарында ала алатынын нақтылады.
Сондай-ақ қатысушыларға «Атамекен» ҰКП мен Орталық Азия франчайзинг қауымдастығыныңбірлескен жобасы - КазBrand таныстырылды, олкәсіпкерлердің франчайзинг саласындағықұзыреттілігін дамытуға бағытталған. Жоба бизнес-тренер Гүлбану Майғаринадан тегін оқудан өтудіжәне гранттық қаржыландыруға конкурстықіріктеуге қатысуды көздейді.
Отырыс барысында әйел-кәсіпкерлерспикерлерге белсенді түрде сұрақтар қойды - атапайтқанда, МӘМС-тің жаңа ережелерін іс жүзіндеқолдану және цифрлық қызметтерге қосылу тәртібітуралы. Қатысушылар сондай-ақ ЕАЭО шеңберіндеэкспорттық жеткізілімдер кезінде өнімдісертификаттау және сәйкестікті растау мәселелерінталқылады.
Қарағанды облысы кәсіпкерлер палатасыныңСалааралық кеңесінің келесі отырысы қыркүйекайына жоспарланған.