«Мектепке жол»: кәсіпкерлер ақтөбелік оқушыларға қолдау көрсетті

27.08.2026
«Мектепке жол»: кәсіпкерлер ақтөбелік оқушыларға қолдау көрсетті

«Мектепке жол» акциясы аясында Ақтөбе облысының Кәсіпкерлер палатасында 10 оқушыға мектепке қажетті кеңсе тауарларымен жабдықталған рюкзактар табысталды.

Акцияға «Green Vitamin (Грин Витамин)» ЖШС, «Della home» ЖК және «Alash Engineering Technology» ЖШС басшылары қолдау көрсетті. Кәсіпкерлердің бастаманы қолдап, балалардың жаңа оқу жылына қажетті құрал-жабдықтармен қамтылуына үлес қосқаны үшін алғыс білдіреміз.

Оқушылардың ата-аналары кәсіпкерлерге көрсеткен қолдауы мен қамқорлығы үшін шынайы ризашылықтарын жеткізді.

Өз кезегінде кәсіпкерлер балаларға оқуда табыс, жақсы бағалар мен жаңа жетістіктер тілеп, елге қызмет ететін білімді де абыройлы азамат болып өсуіне тілектестік білдірді.

Мұндай игі бастамалар бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін нақты іспен көрсетіп, қоғамға қолдау көрсетудің маңызын айқындайды.

Изображение