Бірлік бекем болса – нәтиже биік: Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының ұжымы тимбилдингте
Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері үшін кәсіби қарым-қатынас мәдениетін арттыру, командалық өзара іс-қимылды күшейту және ұжым мүшелері арасындағы байланысты нығайту мақсатында корпоративтік шығу іс-шарасы ұйымдастырылды.
Кездесу барысында «Эффективные коммуникации в команде» тақырыбында семинар өтіп, тиімді қарым-қатынас, өзара түсіністік және командалық жұмыстың маңызы талқыланды.


Одан әрі ұжым мүшелері тимбилдинг ойындарына қатысып, түрлі тапсырмаларды бірлесе орындады. Қызықты ойындар мен спорттық жарыстар қызметкерлердің ұйымшылдығын арттырып, еркін әрі жағымды атмосфера қалыптастырды.



Іс-шара кәсіби дамуды, белсенді демалысты және командалық бірлікті бір арнаға тоғыстырған мазмұнды күн болды.