Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында қызметтік этика талаптары түсіндірілді
Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының этика кодексі талаптарын түсіндіруге арналған жұмыс жүргізілді. Іс-шараға Палата қызметкерлерімен қатар аудандық филиалдардың мамандары да қатысты.
Түсіндіру жұмыстарын Палата директоры Асылан Ибадуллаев пен директордың орынбасары, Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасының этика жөніндегі уәкілетті өкілі Ербол Ауелбеков жүргізді.
Кездесуде қызметтік әдеп нормаларын сақтау, адалдық пен кәсібилік, әріптестермен өзара сыйластық және мүдделер қақтығысына жол бермеу талаптарын сақтау Палатаның барлық қызметкерлері үшін міндетті.

«Қызметтік этика – ұйымның ішкі тәртібі ғана емес, оның беделі мен қоғам алдындағы сенімінің негізі. Әр қызметкер өз ісімен Палатаның кәсіби бейнесін қалыптастырады. Сондықтан адалдық, жауапкершілік, ашықтық және өзара құрмет күнделікті жұмысымыздың ажырамас бөлігі болуы тиіс», – деді Палата директоры Асылан Ибадуллаев.
Кодексте кәсібилік, адалдық, жауапкершілік, ашықтық және адамды құрметтеу негізгі құндылықтар ретінде белгіленген.