Түркістанда ATAMEKEN FAIR / TURKISTAN BRAND – 2026 көрмесі өтеді

22.08.2026
Түркістанда ATAMEKEN FAIR / TURKISTAN BRAND – 2026 көрмесі өтеді

18–19 қыркүйек күндері Түркістан қаласындағы Конгресс-холлда отандық тауар өндірушілердің ұлттық көрмесі — ATAMEKEN FAIR / TURKISTAN BRAND – 2026 өтеді.

Көрме қазақстандық кәсіпкерлердің өнімдерін таныстыруға, жаңа іскерлік байланыстар орнатуға және отандық тауарлардың нарықтағы әлеуетін арттыруға бағытталған. Іс-шара аясында «Қазақстанның үздік тауары – 2026» байқауының өңірлік кезеңі, «Түркістанда жасалған» өнімдерінің көрмесі, гастрофестиваль, шеберлік сабақтары, іскерлік кездесулер және концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.

Көрме отандық өнім өндірушілер үшін өз тауарларын кеңінен таныстырып, жаңа серіктестер табуға және бизнес мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін маңызды алаң болмақ.

📍 Түркістан қаласы, Конгресс-холл

📅 18–19 қыркүйек