Іскер әйелдерге құрмет көрсетілді
БҚО Кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінде белсенді кәсіпкер әйелдерді «Іскер әйелдер кеңесіне – 10 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттау рәсімі өтті. Салтанатты шараға БҚО кәсіпкерлер палатасының Іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Ляна Тұрсынова мен БҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Мақсат Құланбаев қатысты
Марапатқа өңірдегі кәсіпкерлікті дамытуға үлес қосып, өз кәсібін табысты жүргізіп, қоғамдық бастамаларға белсенді қатысып жүрген бірқатар іскер нәзік жандар ие болды.
Әрбір кәсіпкер әйелдің артында – қажырлы еңбек, жауапкершілік, жаңа идеялар мен табандылық тұр. Олардың тәжірибесі мен белсенділігі өңірдегі әйелдер кәсіпкерлігінің дамуына үлкен үлес қосып келеді.
Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Кәсіптеріңіз өркендеп, жаңа жетістіктер мен биік белестер көп болсын! 💐
#Бқокәсіпкерлерпалатасы
#палатапредпринимателейзко
#максаткуланбаев
#мақсатқұланбаев
#советделовыхженщинзко