БҚО Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік спорттық тапсырыс мәселелері талқыланды

14.08.2026
БҚО Кәсіпкерлер палатасында мемлекеттік спорттық тапсырыс мәселелері талқыланды

Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы алаңында мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Кездесу барысында кәсіпкер өтпелі кезеңде көрсетілген қызметтерге ақы төлеудің проблемалық мәселесін көтеріп, жаңа ақпараттық жүйеге өтуге байланысты туындаған қиындықтарды атап өтті.

Спорттық тапсырысты жеткізушілердің уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылына және қалыптасқан жағдайды одан әрі реттеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың өкілдері кәсіпкерге қажетті түсініктемелер беріп, көтерілген мәселені шешуге бағытталған одан арғы әрекеттер туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

БҚО бойынша ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті БҚО Дене шынықтыру және спорт басқармасына қатысты тергеп-тексеруді басталғанын айта кеткен жөн.

БҚО Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда, сондай-ақ қолданыстағы заңнама шеңберінде туындайтын мәселелерді шешуде көмек көрсетуді жалғастырады.