BusinessGO.kz: кәсіпкерлер нені білуі тиіс?
Бизнесті цифрландыру тек қолайлы емес, сонымен бірге тиімді де болуы тиіс. BusinessGO.kz — «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бөлшек бизнесті дамыту мен цифрландыруға арнап құрған цифрлық платформасы.
Бүгінгі таңда платформада түрлі салаларға: дүкендер мен дәріханалардан бастап, дәмхана, мейрамханалар мен қызмет көрсету саласының кәсіпорындарына дейін арналған шешімдер қолжетімді.
Кәсіпкер не алады?
🔹 ДӨО (Деректерді беру операторы) 🔹 Тауарды есепке алу жүйесі 🔹 Лоялдылық жүйесі 🔹 Алкоголь өнімдерінің есепке алу-бақылау маркаларын тексеру сервисі 🔹 Tax Free 🔹 Кәсіпкер академиясы 🔹 Экожүйенің басқа да цифрлық сервистері
Бұл ретте GreenKassa онлайн-кассасын пайдалану құны жылына 15 000 ₸ құрайды.
💰 Ал мәлімделген үнемдеу — жылына 1 млн ₸ дейін. Ол кәсіпкерге бөлек сатып алуға тура келетін сервистердің жиынтық құнынан есептеледі: ДӨО, онлайн-касса, тауарды есепке алу, лоялдылық бағдарламасы, жекелеген маркетингтік құралдар және бірнеше жеткізушінің сүйемелдеуі.
Маңызды: нақты үнемдеу бизнестің масштабына, сауда нүктелерінің санына және пайдаланылатын сервистердің жиынтығына байланысты.
BusinessGO 1С-пен жұмыс істейді, ал iiko-мен интеграция жасау әзірлену үстінде. R-Keeper, Frontol, Poster және WebKassa жүйелерін қосу қазіргі уақытта тікелей іске асырылмаған, дегенмен сыртқы жүйелер үшін API арқылы интеграциялау мүмкіндігі қарастырылған.
Платформа сондай-ақ үшінші тарап сервистерін — банктік шешімдерді, ERP, CRM, аналитикалық және маркетингтік жүйелерді қосуды қолдайды.
🔐 Деректер қауіпсіздігі Деректер Қазақстан аумағындағы қорғалған серверлік инфрақұрылымда заңнама талаптарын сақтай отырып орналастырылады. Резервтік көшіру, инфрақұрылымды мониторингтеу және апаттық қалпына келтіру процедуралары қарастырылған. Ал бір жылдан кейін тегін сервистер не болады? Бүгінгі таңда қолданыстағы тегін сервистерді ақылы санатқа ауыстыру жоспарланбаған. Сонымен бірге платформаның дамуына қарай жекелеген сервистердің шарттары мен тарифтері өзгеруі мүмкін. Өзгерістер туралы пайдаланушыларға Оферта шарттарына сәйкес алдын ала хабарлануы тиіс.
BusinessGO.kz — бұл кәсіпкерге жекелеген сервистердің санын азайтуға және бизнесті басқаруды жеңілдетуге көмектесетін бірыңғай цифрлық экожүйе.