«Атамекен» ҰКП басшылығы БҚО-дағы бизнес мәселелерін зерделеді
Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен «Атамекен» ҰКП Инвестициялар департаментінің басшылығы келді. Сапардың негізгі мақсаты – инвестициялық жобаларды жай ғана мониторингтеу емес, инвесторларға жедел қолдау көрсету және туындаған мәселелерді жергілікті жерде нақты шешу.
Жұмыс барысында басты назар:
🔹 бизнес тап болатын кедергілерді жедел талдауға;
🔹 кәсіпкерлер мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы жүйелі диалогты қамтамасыз етуге;
🔹 инвестициялық жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде сүйемелдеуге;
🔹 Ұлттық цифрлық инвестициялық платформамен жұмыс істеуге бағытталды.
Сапар аясында департамент басшылығы отандық тамақ өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі – «Кублей» компаниясының жұмысымен танысты.
Кәсіпорын консервіленген өнім өндіру нарығында көшбасшылардың бірі саналады. Компания ассортиментінде ГМО мен қоспаларсыз шығарылатын 100-ден астам өнім түрі бар. Зауыт заманауи еуропалық құрал-жабдықтармен жабдықталған.
Кәсіпорынның өндірістік қуаттары:
• ет өңдеу кешені – жылына 20 мың тонна ет;
• сою цехы – бір ауысымда 250 бас ірі қара және 700 бас ұсақ мал.
Алайда өндіріс ауқымына қарамастан, кәсіпорын бірқатар өзекті мәселелерге тап болып отыр.
«Кублей» басшылығы тарапынан бірнеше проблемалық мәселе көтерілді:
1. АӨК-ті несиелендіру бағдарламалары аясындағы қаржыландырудың тұрақсыздығы.
2. Қазақстанда аусылдан азат ел мәртебесі мойындалғанына қарамастан, Ресей Федерациясына ет өнімдерін экспорттауға қатысты шектеулердің болуы. Атап айтқанда, 2022 жылғы 12 қаңтардағы Россельхознадзор нұсқауына байланысты өнімді Ресей нарығына шығару мүмкіндігі шектеліп отыр.
3. «Кублей» компаниясы арнайы инвестициялық келісімшарт аясында консерві өнімдерін де өндіреді. Ресей аумағы арқылы транзитке қатысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің енгізген шектеулеріне байланысты кәсіпорын шикізатпен қамтамасыз етуде қиындықтарға тап болуы мүмкін. Бұл өз кезегінде өндіріс көлемін арттыру жөніндегі келісімшарттық міндеттемелердің орындалуына тәуекел тудырады.
Көтерілген барлық проблемалық мәселелер бақылауға алынып, оларды жергілікті атқарушы органдармен және бейінді министрліктермен бірлесіп пысықтау жоспарлануда.
Басты мақсат – өңірдің инвестициялық әлеуетін дамытуға және бизнестің тұрақты жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай қалыптастыру.
#БҚОкәсіпкерлерпалатасы #палатапредпринимателейзко #МаксатКуланбаев #МақсатҚұланбаев