«QazExpoCentre Pipe» ЖШС өндірістік әлеуеті мен даму жоспарлары талқыланды
«Атамекен» ҚР ҰКП Инвестициялар департаментінің басшылығы Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында Орал қаласындағы ірі өндіріс орындарының бірі — «QazExpoCentre Pipe» ЖШС өндірістік нысанына барды.
📍 Кәсіпорын туралы:
«QazExpoCentre Pipe» ЖШС (бұрынғы «ТМК-Казтрубпром») — 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан, еліміздің мұнай-газ секторы үшін жоғары сапалы құбыр өнімдерін шығаратын жетекші отандық кәсіпорындардың бірі. Зауыт заманауи технологиялық және бақылау құралдарымен жабдықталған.
• Өнім түрлері: диаметрі 60 мм-ден 178 мм-ге дейінгі болат сорғыш-компрессорлық және шегендеуіш (обсадные) құбырлар;
• Өндірістік қуаты: жылына 40 мың тонна құбыр өнімі;
• Мәртебесі: Отандық тауар өндірушілер тізіліміне енгізілген, өнімдері СТ-KZ сертификаттарына ие.
⚡ Даму және инфрақұрылым мәселелері:
Кездесу барысында өндірісті орнықты әрі үздіксіз электр энергиясымен қамтамасыз ету, сондай-ақ зауыттың өндірістік инфрақұрылымын ары қарай жаңғырту жоспарлары талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша «Атамекен» ҰКП өкілдері кәсіпорынның өндірістік әлеуетін жоғары бағалап, инфрақұрылымдық мәселелерді шешуде инвестор мен жауапты мемлекеттік органдар арасындағы диалогқа қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді. Ортақ міндет — отандық өндірістің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру. #бқокәсіпкерлерпалатасы #палатапредпринимателейзко #МаксатКуланбаев #мақсатқұланбаев