Қарағанды облысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында бизнес-идеялар байқауы басталды

02.09.2026
Қарағанды облысында мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында бизнес-идеялар байқауы басталды

Жобаның бастамашысы – Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесі.

Байқауға өтінімдер қабылдау 2026 жылғы 2 қыркүйекте басталып, 22 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазан айында қазылар алқасы жобаларды бағалап, финалға өткен қатысушылар өз бизнес-идеяларын қорғайды.

Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпейісов жобаның белсенді әрі бастамашыл жастарды қолдауға, кәсіпкерлік саласындағы даму мүмкіндіктерін көрсетуге бағытталғанын атап өтті.

Өткен жылы байқау алғаш рет Кәсіпкерлер күні аясында өткізілді. Жобаның сәтті жүзеге асуы жастардың бизнеске және өз жобаларын дамытуға деген қызығушылығы жоғары екенін көрсетті. Сондықтан байқауды жалғастырып, оны жыл сайынғы дәстүрлі жобаға айналдыру туралы шешім қабылданды.

Байқауға 18 жасқа толмаған мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатыса алады. Негізгі талап – жобаны қатысушының өзі жеке қорғауы.

Ұйымдастырушылар байқаудың төрт басым бағытын белгіледі:

1. Агроөнеркәсіптік кешен және өңдеу өнеркәсібі;

2. Жасанды интеллект, робототехника және ақпараттық технологиялар;

3. Экология және бизнес-шешімдер;

4. Өңдеу өнеркәсібі.

Әр бағыт бойынша 1 миллион теңге көлемінде жүлде қоры қарастырылған. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 4 миллион теңге.

Жобалар өңірдің дамуына бағытталуы тиіс. Қатысушылар өз идеяларын сауатты таныстырып, сарапшылар алдында жобаның өзектілігі мен тиімділігін дәлелдеуі қажет.

Байқау екі кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең – «Бизнес-идея» (сырттай).

Қатысушылар бизнес-идеясының сипаттамасын онлайн форматта жолдайды. Құжаттар zh.bektursunova@gmail.com электрондық поштасына қабылданады.

Байқау туралы ереже

Конкурстық комиссия ұсынылған жобаларды бағалап, үздік 20 бизнес-идеяны іріктейді. Олар байқаудың екінші кезеңіне өтеді.

Екінші кезең – «Бизнес-жобаны қорғау» (күндізгі).

Финалистер өз жобаларын конкурстық комиссия алдында Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының алаңында жеке қорғайды.

Мекенжайы: Қарағанды қаласы, Тәттімбет көшесі, 709, 2-қабат.

Комиссия шешімі бойынша төрт жеңімпаздың әрқайсысына 1 миллион теңгеден жүлде беріледі.

Байқау қорытындысы 2026 жылғы 29 қазанда Кәсіпкерлер күнінде жарияланады.

Қатысуға қажетті құжаттарды zh.bektursunova@gmail.com электрондық поштасына жолдау қажет.

Байланыс тұлғасы: Жанар Қайырғалиевна

Телефон: 8 701 925 05 77

Байқаудың ережесі мен толық ақпарат Қарағанды облысы Кәсіпкерлер палатасының Telegram-арнасында жарияланған: Business Karaganda.https://t.me/business_karaganda