«Атамекен» ҚР ҰКП мен Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығы Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Комплаенс және іскерлік этика қауымдастығы 2026 жылғы 2 қыркүйекте Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Келісім кәсіпкерлік қоғамдастықпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс, іскерлік этика және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша бірлескен жұмысты дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады.
Комплаенс талаптарын сақтау бизнесті жүргізудің маңызды бөлігіне айналып келеді. Дұрыс жолға қойылған ішкі процестер компанияларға заңнама талаптарын ескеруге, мүдделер қақтығысының алдын алуға, контрагенттермен өзара іс-қимыл жасау кезіндегі тәуекелдерді бағалауға және іскерлік беделін сақтауға мүмкіндік береді.
«Атамекен» ҚР ҰКП мен Қауымдастық арасындағы ынтымақтастық комплаенс саласындағы кәсіби сараптаманы Ұлттық палатаның кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл жасау мүмкіндіктерімен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Меморандум мыналарды көздейді:
▪️ комплаенс-бақылау, іскерлік этика және құқық бұзушылықтардың алдын алу саласында кәсіби тәжірибе мен озық практикалармен алмасу;
▪️ кәсіпкерлерге арналған зерттеулер жүргізу және сараптамалық, талдамалық және әдістемелік материалдар әзірлеу;
▪️ семинарлар, тренингтер, вебинарлар және сараптамалық кездесулер ұйымдастыру;
▪️ бизнес өкілдері мен кәсіби қоғамдастықты комплаенстің өзекті мәселелерін талқылауға тарту;
▪️ ашықтық, бизнесті адал жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қағидаттарын ілгерілету.
Бірлескен жұмыста басты назар практикалық мәселелерге аударылады. Кәсіпкерлер ішкі бақылауды ұйымдастыру, заңнама талаптарын сақтау, ықтимал бұзушылықтарды анықтау және құқықтық, реттеуші және беделді тәуекелдерді азайту бойынша кәсіби түсіндірмелер мен ұсынымдар ала алады.
Меморандум кәсіпкерлердің комплаенс-сауаттылығын арттыруға, құқықтық мәдениетті нығайтуға және бизнес-ортада «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілетуге бағытталған білім беру және сараптамалық жобаларды іске асыру үшін негіз болады.
Бірлескен жұмыс құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қазақстанда бизнес жүргізуге жауапты тәсілді қалыптастыруға ықпал ететін болады.