Астанада «Бір ауыл-бір өнім» жобасының 10 финалисі марапатталды

07.09.2026
Астанада «Бір ауыл-бір өнім» жобасының 10 финалисі марапатталды

Астанада «Бір ауыл-бір өнім» жобасының финалистерін марапаттау рәсімі өтті. Биыл сертификатқа елорданың 10 өндірушісі ие болды. Олар әскери-тарихи миниатюралардан бастап киіз және керамика бұйымдарына, табиғи косметикаға, былғары аяқ киімге, азық-түлікке, глютенсіз жартылай фабрикаттар мен кондитерлік өнімдерге дейін түрлі бағытта өнім шығарады.

Астана қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Қанат Әлин финалистердің іріктеудің бірнеше кезеңінен өткенін атап өтті. Оның айтуынша, бағалау барысында өнімнің сапасы, бірегейлігі және даму әлеуеті ескерілген.

Изображение

Финалист мәртебесі өндірушілерге 5 млн теңгеге дейінгі грантқа үміткер болуға мүмкіндік береді. Қаражатты өндірісті дамытуға және кеңейтуге қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға жұмсауға болады.

Изображение

Жоба аясындағы қолдау қаржыландырумен ғана шектелмейді. Өндірушілерге қаптамасы мен брендін жетілдіруге, өнімін әлеуметтік желілерде ілгерілетуге және маркетплейстерге шығуға көмектеседі. Бұдан бөлек, технологияларды жетілдіру, стандарттау, штрих-код алу және тауар белгісін тіркеу бойынша кеңес беріледі.

Өнімдерді сауда секторында ілгерілетуге де ерекше көңіл бөлінеді. Қатысушыларға сауда желілері мен дүкендерге шығуына қолдау көрсетіледі. Бұл жергілікті өнімдердің жаңа сатып алушыларға жетіп, өткізу нарығын кеңейтуіне мүмкіндік береді.

Финалистер үшін жоба өндірісті нығайтып, брендтің танымалдығын арттыруға және өткізу нарығын кеңейтуге мүмкіндік береді.

«Бір ауыл-бір өнім» жобасы шағын шеберхана немесе отбасылық кәсіптен басталған істің дұрыс қолдау арқылы нарықта өз орнын тапқан брендке айнала алатынын көрсетіп отыр.